Алматы облысында үш жасар өгей қызының мұрнын тістеп жұлып алған ер адамға жаза кесілді

07 Сәуір 2018, 11:09
0
Алматы облысында үш жасар өгей қызының мұрнын тістеп жұлып алған ер адамға жаза кесілді - Иллюстрация © orinfo.ru
Иллюстрация © orinfo.ru

Алматы облысында үш жасар өгей қызының мұрнын тістеп жұлып алған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 жастағы Ринат Қоңқабаев ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі 3, 11 тармақтарында қарастырылған қылмысты жасады деп танылды - "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты". Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ер адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар, сот одан моральдық зиян келтіргені үшін үш миллион теңге өтемақыны өндіріп алды. Бұл жөнінде Алматы облыстық соттар әкімшісіндегілер хабарлады.

Осыған дейін Алматы облысында өгей әкесінің үш жасар қызын оңдырмай сабап тастағаны хабарланған болатын. Денесі көгеріп, мұрны таңылған сәбидің суретін Facebook желісіне Гульмира Абыкай есімді қолданушы жариялаған еді. "Фотодағы үш жасар қыздың үстінен сау тамтық жоқ. Басынан башпайына дейін аяусыз тістелеп, бір уыс төбе шашы мүлдем жоқ. Ең сорақысы ұйықтап жатқан бөпенің мұрнын 1986 жылы туған Ринат Қоңқабаев тістеп жұлып алған. Әлде жеп қойды ма, кім білсін", - деп жазған еді қолданушы.

Кейін оның бұған дейін де сотты болғаны анықталды.

 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай