Өгей қызының мұрнын тістеп жұлып алған ер адам зорлық үшін сотты болған

05 Наурыз 2018, 17:33
0
Өгей қызының мұрнын тістеп жұлып алған ер адам зорлық үшін сотты болған -

Алматы облысында өгей қызының мұрнын тістеп жұлып алған ер адам сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы облыстық №2 ювеналдық сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі 3,11-пункттері ("Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша айыпталған К. деген азаматқа қатысты іс келіп түсті", - делінген Алматы облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

"Ер адам мас күйде болып, азаматтық некедегі әйелімен жанжалдасқаннан кейін, 2014 жылғы өгей қызының денесін тістелеп, ұрып-соғып, мұрнын тістеп жұлып алған", - деп хабарлады соттағылар.

Сонымен қатар, соттағылар оның бұрын зорлау ісі үшін сотты болғанын хабарлады. 

"1986 жылғы К. деген азамат бұған дейін адам зорлағаны үшін сотты болған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай