09 шілде 2020 11:42

Алматы облысында үйінде дәріхана қызметін ұйымдастырған әйел анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының тұрғыны өз үйінде заңсыз дәріхана қызметін ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысының тұрғыны өз үйінде заңсыз дәріхана қызметін ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, кеше кешке жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз дәріхананың қызметін әшкерелеп, Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Алтынемел ауылындағы жеке үйлердің бірінде дәрі-дәрмек сатылатынын анықтаған.

Тергеу барысында ауыл тұрғынының үйінде заңға қайшы қызмет көрсетілген. Қолдан жасалған "дәріхана" сөресінде дәрі-дәрмектің кез келген түрін табуға болатыны белгілі болды.

Заңсыз дәріхана қызметін 63 жастағы әйел ұйымдастырған. Бұл қызметпен айналысуға оның лицензиясы мен рұқсат құжаттары болмаған, яғни медициналық қызмет көрсетуге еш құқығы жоқ екені анықталды. Алыпсатар әйел аудандағы дәріханалардың бірінен дәрілерді сатып алып, ауыл тұрғындары ұсынып отырған. Тәртіп сақшылары тексеру барысында саудагердің бұған дейін қораптармен сатып алған 60 жуық дәрі-дәрмектің түрін тәркіледі.

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Осы дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, кінәлі адамдар заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети