08 сәуір 2016 11:45

Алматы облысында зейнеткер өз ұлының жүрегіне біз тығып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Irecommend.ru © Irecommend.ru

Алматы облысында өз ұлының жүрегіне біз тығып өлтірген зейнеткер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында өз ұлының жүрегіне біз тығып өлтірген зейнеткер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Ескелді ауданында болған. Қарабұлақ ауылындағы үйлердің бірінен 39 жастағы ер адамның денесі табылады. Сот-медициналық сараптамасының нәтижесінде ер адамның үшкір қарудан болған жарақат салдарынан қаза тапқаны анықталды.

Осы қылмысқа барды деген күдікпен қаза тапқан ер адамның әкесі, 67 жастағы зейнеткер ұсталды. "Зейнеткер алғашында кінәсін мойындамай, ұлының көшеден төбелесіп келіп, үйінде қайтыс болғанын айтты. Дегенмен сарапшылар ер адамның үшкір қарудан болған жарақат салдарынан қайтыс болғанын анықтады. Сонымен қатар, кісі өлімінің үйде болғаны анықталды", - деді облыстық полиция өкілдері.

Кейін күдікті кінәсін мойындап, мұндай қылмысқа ұлының үнемі ішіп келіп, жанжал шығаратыны үшін барғанын айтты. "Ескелді аудандық ІІБ кісі өліміне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ұсталған зейнеткерге қатысты қамауда ұстау шарасын қолдану шешімі қабылданды", - деді ІІД баспасөз қызметі өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети