01 желтоқсан 2022 14:06

Алматы тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы ер адамнан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Алматы полициясы ер адамнан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Арнайы іс-шараны Алматы қаласы бойынша ҰҚКД өкілдерінің көмегімен алматының ҰҚКБ қызметкерлері жүргізді.

"38 жастағы Ж. есімді ер адам ұсталды. Оның үйінен сегіз мылтықты карабин, бір мылтық, оптикалық көздеуіш және екі аңшылық пышағы табылды және тәркіленді. Қару қоймасы қосалқы бөлмеде жасырылған. Жедел мәліметтерге сәйкес, бұл арсенал қаңтар айында шаһардағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен ұрланған", - деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети