28 қараша 2016 12:28

Алматыда 1 миллион 500 мың теңге жымқырған экс-капитан сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы гарнизоны Әскери соты ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-бөлігі бойынша (1997 жылдың 16 шілдесінде басылым) айыпталған А.Миршакировқа қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы гарнизоны Әскери соты ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-бөлігі бойынша (1997 жылдың 16 шілдесінде басылым) айыпталған А.Миршакировқа қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, А.Миршакиров ҚР ІІМ Тергеу Комитетінің Алматы әскери-тергеу басқармасының аға жедел уәкілі қызметін атқарған.

2012 жылдың 21 қыркүйегінде А.Миршакиров уәкілетті тұлға бола тұра, өзінің қызметтік мансабын пайдаланып, полковник Х.Махмадиевтың 1 миллион 500 мың теңге қаражатын жымқырып, Х.Махмадиевке аса күрделі материалдық шығын келтіріп, оқиға болған жерден қашып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында А.Миршакиров кінәсін мойындаған. Соттың үкімі бойынша, А.Миршакиров кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабы бойынша 3 жыл мерзімге әскери және мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, алда осындай қылмыстық құқықбұзушылықтардың орын алу негіздері мен шарттарын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолдану үшін ҚР ІІМ Оңтүстік аймақтық ӘТБ атына жеке қаулы шығарылды. Сот үкімі заңдық күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети