01 қараша 2022 16:25

Алматыда 12 жыл бойы іздеуде жүрген әйел ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Маңғыстау полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстаған.

"54 жастағы әйел, Батыс Қазақстан облысының тумасы, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды. Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген", - делінген полиция хабарламасында.

Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети