Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Алматыда 45 дана iPhone 6 телефоны бар контрабандашы ұсталды

13 Қазан 2014, 14:00
0
©M.kp.ru
©M.kp.ru

Алматы қаласы әуежайында 45 iPhone 6 телефоны бар қырғызстандық азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі өкіліне сілтеме жасап.

22 қыркүйек күні Алматы халықаралық әуежайында Қырғызстан азаматы ұсталды. Жүгін тексеру кезінде 45 iPhone 6 ұялы телефоны табылды, ұсталған азамат оны Шаржы - Алматы" әуе рейсімен Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз алып кірмек болған.

"Тергеуалды тексеру кезінде шекарашылар iPhone 6 телефонының мағлұмдалмаған құны 50 мың АҚШ доллары болатынын анықтады. 2014 жылдың 8 қазанында Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 1 бабы 209 тармағы бойынша экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен 9 ай ішінде алматылық кеденшілердің қозғаған 58 ісінің 45-і экономикалық контрабанда фактісі бойынша.

Еске сала кетсек, iPhone 6 және iPhone 6 Plus рекорд орнатты: сатылымға түскеннен соң үш күн ішінде он миллион смартфон сатылып кеткен. Диагоналі 4,7 және 5,5 дюйм болатын iPhone 6 мен iPhone 6 Plus смартфондарының ресми презентациясы 9 қыркүйекте болды. Бірақ кейінірек шалбар қалтасында майысатын iPhone 6 Plus аппаратына наразылық туды. Кейбір қолданушылар сөйлесу кезінде iPhone 6 панеліне шашы мен сақалы кептеліп қала беретініне шағымданған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай