Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алматыда абақты қызметкерлерінен зорланғанын айтқан әйелдің ісіне ҚР ІІМ өкілдері түсінік берді

04 Маусым 2016, 15:37
0
Наталья Слекишина қызымен бірге. © KTK
Наталья Слекишина қызымен бірге. © KTK

ҚР ІІМ өкілдері Алматыдағы 155/18 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Наталья Слекишинаның шағымына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, әйел тергеу абақтысының қызметкерлерін өзін жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін айыптаған болатын.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, 2015 жылдың қазанында Алматы ІІД-ге "Қарақшылық" бабы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылған Наталья Слекишинадан Алматы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 155/18 мекемесі қызметкерлерінің тамыз айында өзін зорлағаны туралы арыз түскені анықталды. Сол күні дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 362-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеуге алынған. Сонымен қатар, Алматы прокуроры қылмыстық істі тергеуді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырған.

"Тергеу кезінде Слекшина осы мекемеде болған кезде жедел бөлімнің инспекторы мен уәкілі, сонымен қатар, екі бақылаушының өзімен жыныстық қатынасқа түскенін айтты. Дегенмен, бұл қызметкерлер сотталушыны зорлау ісіне қатысы бар екенін жоққа шығарды. Сондықтан да, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет бала туылғаннан кейін сот-молекулярлық және генетикалық сараптама тағайындау үшін тергеу уақытын ұзартты. 25 сәуірде, бала туылғаннан кейін қажетті сараптамалар алынды, бірақ нәтиже әлі дайын емес", - деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар, тергеу барысы қатаң бақылауға алынғаны белгілі болды. "Соның нәтижесі бойынша кінәлілер мен олардың жетекшілеріне шара қолданылып, заң бойынша жазаланады", - деді ҚР ІІМ өкілдері.

Натальяның айтуынша, зорланғаннан кейін ол колония қызметкерлерінің үстінен арыз жазған, дегенмен шағы көп уақыт бойы қабылданбапты.

ҚАЖК мәліметінше, айыпталған 4 қызметкер де отбасылы, балалары бар. Қызметтерін жақсы атқарып жүр. Олар тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Сонымен қатар, ешқайсысы Наталья Слекишинаның шағымынан кейін қызметтен шеттетілмеген. ДНҚ сараптамасы тағайындалды, сол арқылы қыздың әкесі анықталады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай