Алматыда Әблязовтің сыбайласына үкім шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Әблязовтің сыбайласына үкім шығарылды

Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Рүстем Ибрагимовке үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Рүстем Ибрагимовке үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

"15 қазанда Алматы қаласы Медеу аудандық № 2 соты Мұхтар Әблязовтің қылмыстық ұйымының тағы бір сыбайласы - Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған Ибрагимов Рүстем Шәмілұлына қатысты сот үкімін шығарды. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырып, 3 жыл бойы банктік ұйымдарда кәсіби қызметпен айналысу құқығынан айырды", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Ибрагимов "БТА Банкі" АҚ несие беру бойынша басқарушы директоры, ұжымдық бизнестің несиелік талдау департаментінің директоры қызметтерін атқарған және бас банктің несиелік комитетінің мүшесі болған.

"Ол қылмыстық қоғамдастықтың жетекшісі Мұхтар Әблязов бақылайтын компанияларға несие беру бойынша заңсыз оң шешімдер қабылдауға ықпал еткен.

Басында Ибрагимов кінәсін мойындап, тергеуге көмектесті және ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы арыз жазды, бірақ қылмыстық қоғамдастық басшыларының ықпалымен ол жасырынуға шешім қабылдаған. Салдарынан 2010 жылдан бері Ибрагимов қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуде болды. Ол жалған құжаттар арқылы Қырғызстан азаматы ретінде жасырынған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Ведомство мәліметінше, 2017 жылдың желтоқсанында БАӘ құқық қорғау органдары Ибрагимовті тұтқындағаннан кейін ол өзін Қырғызстан азаматы Рустам Мұхтаров ретінде таныстырып, Қазақстан азаматы екенін мойындамаған.

Қазақстанда Әблязов БТА банктен шамамен 7 миллиард долларды жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылған, ал 2018 жылы - банкир Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырғаны үшін өмір бойына сотталған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети