04 мамыр 2023 12:36

Алматыда АҚШ-тан пошта арқылы жеткізілген гашиш пен марихуана анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан пошта арқылы жөнелтілген затты алған Алматы қаласының тұрғыны жалпы салмағы 866 грамм болатын "марихуана" есірткісімен ұсталды.

"Ұсталған ер адамның пәтерін тінту кезінде есірткі заттары, 5 дана электронды таразы, сондай-ақ есірткі заттарын қолдануға және орауға арналған құрылғылар тәркіленді. Күдіктінің Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқаны анықталды.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети