15 қараша 2021 13:32

Алматыда автобус төбесінде отшашу атқандар ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы автобус төбесінде отшашу атқандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Алматы полициясы автобус төбесінде отшашу атқандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бостандық аудандық полиция басқармасының мәліметінше, бұзақылар анықталды.

"Олар - төртеу. Әрқайсысының рөлдері басынан белгілі болған. Біреуі автобус жүргізушісін алаңдатқан, екіншісі - болып жатқан оқиғаны ұялы телефонға видеоға түсірген, қалған екеуі - қоғамдық көліктің төбесіне көтеріліп, отшашу атқан. Олардың арасында кәмелетке толмағандар бар. Қазір бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұдан басқа, бұзақылардың әрекеттерінен ӘҚБтК-нің 436-бабында көрсетілген құқықбұзушылық белгілері анықталды", - деп хабарлады Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы подполковник Думан Аухадиев.

Ол тергеу барысында автобус жолаушыларына нақты қауіп төндірген жастардың осындай әрекетінің себебі анықталатынын атап өтті. Айта кетейік, бұзақылыққа қатысушылардың бірі автобустың төбесінен секіріп, басынан жарақат алған.

Еске салайық, оқиға Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында болған. Белгісіз біреулер жолаушылар автобусының төбесінде отшашу атқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети