11 қаңтар 2020 12:44

Алматыда автобуста жасөспірімді ұрған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Алматыда автобуста жасөспірімді ұрған ер адамды тапты, - деп хабарлайды polisia.kz.


Полицейлер Алматыда автобуста жасөспірімді ұрған ер адамды тапты, - деп хабарлайды polisia.kz.

Алматыда автобуста болған жағдай туралы жасөспірімнің анасы Елена Семенова Facebook желісінде парақшасында жазды. Ол 17 жастағы ұлының Медеуге барар жолда ұлымен болған жағдай туралы айтты. 

"Шабуылдаған ер адам күртесінен жұлқылап, "орныңнан тұр балақай" деген кезде менің 9 жастағы кіші ұлым автобус орындығында отырған. Үлкен ұлым ер адамға қарсы келіп, оның кішкентай әрі арқасы ауыратынын (бала кифо-сколиоз ауруына шалдыққан) айтып, оған ұзақ уақыт тұруға болмайтынын және отыра беруін сұраған. Осыдан кейін балағаттау сөздер айтылып, баланың жағынан ұрған", - деп жазды Алматы тұрғыны.

"4 қаңтарда кәмелетке толмаған балаға қоғамдық көлікте болған бұзақылық дерегіне қатысты 50 жастағы ер адам ұсталды", - делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Полиция автобуст салонында түсірілген видеоны тәркіледі. Онда расымен ер адам бұзақылық әрекет жасаған. Осыған байланысты тергеу жүріп жатыр, соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети