Биыл сәуір айында Алматыда әйел полицейді ұрып-соққан ер адам психиатрлық стационарға мәжбүрлі емделуге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, оқиға қалалық мектептердің бірінің ауласында болған.

"16 тамызда Андрей Ким Алатау аудандық сотының ҚР Қылмыстық кодексінің 16-бабының негізінде шығарылған қаулысымен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды ("Есi дұрыс еместiк" - Авт.). Ол есі дұрыс емес жағдайында ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабында ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" - Авт.) қарастырылған қылмыстық заңбұзушылық жасаған. Осы қаулы бойынша оған қатысты өндіріс тоқтатылып, Андрей Ким мамандандырылған түрдегі интенсив бақылаудағы психиатрлық стационарға жіберілді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотындағылардың Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында.
Соттағылар қаулының әзірге күшіне енбегенін және шағым түсіруге болатынын хабарлады.