Алматыда әйелдердің қыруар ақшасын алдап алған деген күдікті ұсталды

17 Тамыз 2018, 12:38
0
Алматыда әйелдердің қыруар ақшасын алдап алған деген күдікті ұсталды - © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі
© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматыда ер адам әйелдерге жер учаскелерін алып беремін деп уәде беріп, олардан миллиондаған ақша алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуезов ауданының полицейлерінің мәліметінше, 29 жастағы Ғазиз Наурызбаев бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Тергеу барысында оның үш алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталған.

"Барлық үш деректе күдіктінің құрбаны әйелдер болған. Ол әйелдердің сеніміне кіріп, өзін табысты адам ретінде таныстырып, жер учаскелерін тиімді бағамен алып беремін деп уәде берген. Әйелдердің бірі оған шамамен 11 миллион теңге берген. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды", - деп хабарлады Әуезов аудандық ІІБ басшысы Жасұлан Тұрыспаев.

Сондай-ақ, ІІД өкілдері сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын айтып өтті. Ер адам жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласу сұралады: 298-53-05; 298-53-02 немесе 8-7047-200-08-56. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай