Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматыда банк қызметкерінің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

15 Қыркүйек 2016, 09:46
0

Алматыда 28 жастағы Нұршат Розиевтің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында Алматы қаласының 25 жастағы тұрғыны олардың арасында болған жанжалдан кейін осы қылмысқа барғаны анықталды. Қылмыстың іздерін жасыру үшін күдікті Нұршат Розиевтің үйін өртеп жіберіп, оның денесін өзенге лақтырып кеткен.

Қазіргі уақытта осы қылмысқа басқа да азаматтардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда банк қызметкерінің жоғалып кеткені хабарланған болатын. Қазақстандық банктердің бірінде бөлімше басшысы болып қызмет ететін оны соңғы рет 3 қыркүйекте кешкі 18.00 шамасында көргендер бар. Ол жаттығудан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Келесі күні таңғы уақытта көршілері Розиев тұратын үйден өрт шыққанын байқаған. Өрт сөндіріліпті, бірақ үй иесі мен оның көлігі болмаған.

Ал 11 қыркүйекте Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен банк қызметкерінің денесі табылған еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай