17 қыркүйек 2016 12:12

Алматыда банк қызметкерінің өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 28 жастағы Нұршат Розиевтің өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда 28 жастағы Нұршат Розиевтің өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қалалық Түрксіб аудандық сотының шешімімен 1994 жылы дүниеге келген Б.Ж. есімді күдікті қамауға алынды. Ол алдын ала келісім бойынша қылмыс жасағаны үшін күдікті деп танылды", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер. Айта кетейік, күдікті екі айға - 2016 жылдың 14 қарашасына дейін қамауға алынды.

Осыған дейін Алматыда банк қызметкерінің жоғалып кеткені хабарланған болатын. Қазақстандық банктердің бірінде бөлімше басшысы болып қызмет ететін оны соңғы рет 3 қыркүйекте кешкі 18.00 шамасында көргендер бар. Ол жаттығудан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Келесі күні таңғы уақытта көршілері Розиев тұратын үйден өрт шыққанын байқаған. Өрт сөндіріліпті, бірақ үй иесі мен оның көлігі болмаған.

Ал 11 қыркүйекте Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен банк қызметкерінің денесі табылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети