1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыда базар басшыларынан жүйелі түрде пара алып отырған шенеунік ұсталды 12 наурыз 2021, 17:36

Алматыда карантин режимін мемлекеттік бақылау, өсімдіктерді қорғау және фитосанитарлық бақылау бекеттерінің басшысына қатысты соталды тергеу
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда карантин режимін мемлекеттік бақылау, өсімдіктерді қорғау және фитосанитарлық бақылау бекеттерінің басшысына қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда карантин режимін мемлекеттік бақылау, өсімдіктерді қорғау және фитосанитарлық бақылау бекеттерінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол Алматы қаласында жүйелі түрде кәсіпкерлік субъектілерінен - азық-түлік базарлары әкімшісі және басшысынан әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және фитосанитарлық бақылаудан босатқаны үшін 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін пара алған", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте.

Қылмыстық-процестік кодексiнің 128-бабына ("Ұстау негіздері") сәйкес бөлім басшысы ұсталып, Алматы қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging