Алматыда белгісіздер ер адамды қылқындырып өлтірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Видеоролик кадры © Видеоролик кадры

Алматы көшесінде белгісіз біреулер жұрттың көзінше ер адамды қылқындырып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы көшесінде белгісіз біреулер жұрттың көзінше ер адамды қылқындырып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роликті Facebook әлеуметтік желісіне қолданушы Қуаныш Егімбаев жүктеді. "Осындай видео Желіде жүр. Күндізгі уақытта адамды өлтіріп жатыр, ешкім назар аудармайды. Соған қарағанда бұл Алматыда, Райымбек даңғылы мен Сайын көшелерінің қиылысында болған оқиға", - деп жазды ол. Бірнеше сағаттың ішінде бұл жазбаны 200 адам бөлісті, видеоны үш мыңнан астам адам көріп үлгерді. Өзге қолданушылардың айтуынша, оқиға Момышұлы көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында бүгін, 20 маусымда шамамен 18.00-де болды.

Видеода бір ер адамның мемлекеттік номері A966DXP деп жазылған автомобильдің маңында бір еркекті қылқындырып жатқаны көрінеді. Бұл әрекетті кадр сыртында бір қыз сипаттап, видеоға түсіріп тұрады. Алайда жапа шеккен азаматқа ешкім де көмек шақырғысы келмейді. Бірнеше секундтан кейін ер адам құлап түседі. Ролик авторлары болса ер адамның өліп қалғанын айтып, тұжырым жасайды. Кадрларда қара көк түсті Mercedes автомобилінің мемлекеттік номері анық көрінеді, болжам бойынша, H526UOM номерлі көлік қылқындырған адамның мүлкі.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиға жайында полицияға хабар берілгенін айтты. Оқиғаның жай-жапсары әзірше белгісіз.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer