Алматыдағы қылқындыру ісі: Жанжалға қатысушылар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы қылқындыру ісі: Жанжалға қатысушылар ұсталды © Видеоролик кадры

Алматыда жол бойындағы жанжалға қатысушылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.&nbsp


Еске сала кетейік, 20 маусымда Интернетте&nbspбелгісіз біреу жұрттың көзінше ер адамды қылқындырып жатқаны түсірілген видео жарияланған болатын. Оқиға Алматы қаласында 20 маусым күні сағат 18.00 шамасында болды. Бұл оқиғаны әйел адам видеоға түсіріп, адамды өлтіріп жатыр деген пікірмен жариялаған.&nbspЖәбірленушіге көмектесуге ешкімнің асықпағанын роликтен көруге болады. Бірнеше секундтан кейін ер адам құлап түсті.

Кейін полициядағылар оқиға болардан біраз бұрын&nbspжүргізушілер жолда жанжалдасып қалып, кейін Райымбек даңғылының&nbspбойында олар тоқтап, біреуі екіншісіне қол жұмсап, кейін екеуі де автомобильдеріне отырып қозғалысты&nbspжалғастырғанын хабарлаған болатын.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, видеодағы екі ер адам: Mercedes маркалы автомобильдің 1992 жылы туылған&nbspжүргізушісі және Volkswagen Passat көлігінің 1994 жылғы&nbspжүргізушісі екені анықталды. Күш көрсеткен&nbspMercedes жүргізушісі болып шықты. "Екеуі де ұсталды. Іс сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде "Бұзақылық" бабы бойынша тіркеуге алынды", - деді Әзірбек.

Қалалық ІІД өкілі Алматыда болған оқиғаның куәгерлеріне қатысты құқықтық баға берілетінін айтты. Осыған дейін хабарланғандай, аталған дерек бойынша полицияға ешкім шағым түсірмеген. Сонымен қатар, куәгерлер де "102" номеріне қоңырау шалмаған.

&nbsp
Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +31
Ақтау +27
Ақтөбе +32
Атырау +37
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +33
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +31
П
Павлодар +34
Петропавл +28
С
Семей +31
Т
Талдықорған +35
Тараз +40
Түркістан +32
О
Орал +28
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер