09 маусым 2021 09:04

Алматыда блогерді аяусыз соққыға жыққан күдіктілер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook/Рустам Абдрахманов. Фото: facebook/Рустам Абдрахманов.

Алматыда полиция блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жыққан күдіктілерді ұстады. Олар Іле ауданының 19 жастағы тұрғындары болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда полиция блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жыққан күдіктілерді ұстады. Олар Іле ауданының 19 жастағы тұрғындары болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кетті деген күдіктілердің ұсталғаны туралы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов Facebook-парақшасында жазды.

"Шабуыл жасағандардың жеке басы бірден анықталды. Күні бойы жедел және арнайы шаралар кешені өткізілді, соның арқасында күдіктілердің екеуі де ұсталып, Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары. Екеуі де жұмыссыз, 2002 жылғы. Қазіргі уақытта заттай дәлелдеме ретінде жәбірленушінің ұялы телефоны өткізілген орын анықталып жатыр", - деп жазды Рүстем Әбдірахманов.

Айта кетейік, бұған дейін блогер Валерий Кудрявцевтің Алматы театры алдында аясыз соққыға жығылғанын хабарлаған болатынбыз. Ол болған жағдайды Facebook-парақшасында жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети