Алматыда белгісіз біреулер букмекер кеңсесін тонап кетті, - деп хабарлайды  "СТВ" арнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда белгісіз біреулер букмекер кеңсесін тонап кетті, - деп хабарлайды  "СТВ" арнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Оқиға 9-шы ықшамауданда Шаляпин көшесінің Сайын мен Береговой көшелерімен қиылысының аралығында болды. Жас жігіт megabet.kz букмекер кеңсесін тонады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол кеңсені бұзып кіріп, 70 мың теңгені алып кеткен. Айта кетейік, қалада Audi автомобилін "Ұстау" жоспары жарияланды. Әзірше ешкім қолға түскен жоқ.
©"Территория происшествий"
Еске сала кетейік, 2014 жылы Павлодарда осыған ұқсас оқиға болды. Белгісіз біреулер букмекерлік кеңсеге оқ жаудырып кетті. Шабуыл бейнебақылау камераларына түсіріліп қалған. Кадрдан бетперде киген екі адамның ғимаратқа кіргенін көруге болады. Олардың бірі күзетші мен кеңсеге келушілерге пышақ кезенсе, екіншісі кассир қызға тапанша кезеніп, бірнеше рет оқ атады. Дегенмен, букмекерлік кеңсе қызметкері дабыл түймесін басып, полицияға хабар беріп үлгереді. Куәгерлердің айтуынша, содан кейін қарулы адамдар кеңседен қашып шыққан.