Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Павлодарда букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасалды

29 Қыркүйек 2014, 20:10
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Павлодарда белгісіз біреулер букмекерлік кеңсеге оқ жаудырып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шабуыл бейнебақылау камераларына түсіріліп қалған. Кадрдан бетперде киген екі адамның ғимаратқа кіргенін көруге болады. Олардың бірі күзетші мен кеңсеге келушілерге пышақ кезенсе, екіншісі кассир қызға тапанша кезеніп, бірнеше рет оқ атады.

Бірақ букмекерлік кеңсе қызметкері дабыл түймесін басып, полицияға хабар беріп үлгереді. Куәгерлердің айтуынша, содан кейін қарулы адамдар кеңседен қашып шыққан. Кеңсе қызметкерлерінің хабарлауынша, полиция шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр. Полиция әзірше қандай да бір мәлімет беруден бас тартып отыр.

Бұған дейін Теміртауда букмекерлік кеңсе қызметкерінің өлтірілгені хабарланған болатын. Айыпталушы жігіт 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмыс жасағанын мойындады, жігіт қызға 200 мың теңге қарыз болған. Соны қайтармау үшін ол қызды алдап, өзімен бірге алып кетеді. Кейін қыздың мәйіті табылды.

Ал 2013 жылы Қарағандыда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасалды. Қарулы тонаушылар кеңсенің бар табысын алып кеткен болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай