Алматы полицейлері дәрігерлерді соққыға жыққан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы полицейлері дәрігерлерді соққыға жыққан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ол ІІБ-ге жеткізіліп, сотқа дейінгі өндіріс шеңберінде түсінік беріп жатыр. Күдікті 1977 жылы туылған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша ол Алматы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалады. Сонымен қатар, 72 сағаттың ішінде тергеу кезеңі үшін оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану үшін сот алдына барады", - деп хабарлады Алматы ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин. Полиция "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. ІІД мамандарының мәлімдеуінше, алдағы уақытта тергеу өзге бапқа ауыстырылуы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда жедел жәрдемнің екі дәрігерінің соққыға жығылғаны хабарланған болатын. Дәрігерлер 26 қарашада, шамамен сағат 03.00-де соққыға жығылған. Зардап шеккендердің біреуі аса ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерлерге шабуыл жасау оқиғаларының соңғы кездері жиілеп кеткенін хабарлады.