22 қараша 2016 14:28

Алматыда дастархандасын 24 рет пышақ салып өлтірген ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен (қасақана қазаға ұшырату) айыпталған адамға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылдың 1 қыркүйегінде екі жігіт үйде арақ ішкен. Осыдан кейін олардың араларында жанжал шыққан. Содан біреуі екіншісін пышақпен қасақана өлтіру мақсатында 24 рет ұрған. Алған дене жарақаттарынан екінші жігіт оқиға орнында қайтыс болған.

Сотталушы жасаған іс-әрекеттеріне өкінген. Осылайша, соттың шешімімен ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети