15 желтоқсан 2017 | 11:24

Алматыда егіз баланы өлтірген өзбекстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда егіз баланы өлтірген өзбекстандық Эмиль Гильмутдиновты мемлекеттік айыптаушы Расул Есдәулетов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда егіз баланы өлтірген өзбекстандық Эмиль Гильмутдиновты мемлекеттік айыптаушы Расул Есдәулетов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

 Айта кетейік, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі баланың өлтіріліп, тоңазытқышқа салғандарға қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Процесте судья Ерлан Болатов төрағалық етуде.

Сотталушы ретінде қаза тапқан балалардың ата-анасы отыр, олар Өзбекстанның 29 жастағы азаматы Эмиль Гильмутдинов пен 34 жастағы қазақстандық Алла Волченко.

Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 1, 3 және 7-пункттері ("Адам өлтіру") және 119-бабы ("Қауiптi жағдайда қалдыру") бойынша айыпталып отыр.

"Гильмутдиновты айыпты деп танып, оны мүлкін тәркілей отырып, төтенше қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесіне өмір бойына бас бостандығынан айыруды және Волченконы айыпты деп танып, оған жаза ретінде барынша қауіпсіздендірілген қылмыстық-атқару жүйесіне мүлкін тәркілемей 19 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деп мәлімдеді Расул Есдәулетов.  

Мұның алдында өлтірілген балалардың шешесі тұңғыш ұлының оны жақсы көретінін айқан болатын.

"Сіздерден кәмелетке толмаған ұлым Равиль Гильмутдиновтің менен қорқатынын немесе қорықпайтынын анықтау үшін психологиялық сараптама тағайындауды сұраймын. Мен туралы мінездемені іске қоссаңыздар деймін. Әрмен қарай мені ата-ана құқығынан айыруға қарсы өтініш жазғым келеді және мен тұңғышымды да, өлтірілген қалған балаларымды да жақсы көрдім", - деді Алла Волченко сот залында. 

Судья өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, іс материалын зерттеуге көшті.

Мұның алдында Волченко сотта балаларын үш күн іздегенін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, екі баланың мәйіті Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 11 қыркүйекте табылған болатын. Осы күні олардың шешесі - 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта әйел ұсталды. Сонымен бірге онымен бірге тұрып келген 29 жастағы өзбек азаматы ұсталған. Ол, полицейлердің мәліметінше, өз кінәсін мойындап отыр.

Кейінірек Алматы полициясы да тоңазытқыштан табылған балалардың өлімі бойынша істің мән-жайын айтып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети