06 желтоқсан 2017 11:48

Балаларымды үш күн іздедім - Тоңазытқыштан табылған егіз баланың шешесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өлтірілген егіз баланың шешесі Алла Волченко сотта балаларын үш күн іздегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Алматыда өлтірілген егіз баланың шешесі Алла Волченко сотта балаларын үш күн іздегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мәйіттері тоңазытқыштан табылған егіз баланың өліміне қатысты сот жалғасып жатыр. Процесте судья Ерлан Болатов төрағалық етіп отыр. Сотталушы ретінде қаза тапқан балалардың ата-анасы жауап беруде: Өзбекстанның 29 жастағы тұрғыны Эмиль Гилмутдинов пен 34 жастағы Алла Волченко. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 1, 3 және 7-пункттері ("Адам өлтіру") және 119-бабы ("Қауiптi жағдайда қалдыру") бойынша айыпталып отыр. 

Процесте айыпталушыларға сұрақ қойылды. Алла Волченко үш күн бойы балаларымды іздедім дейді. "Балалар Ташкентте екеніне сеніп қалдым. Бұлай болады деп ойламадым. (...) Ол маған айтпады, білуге тырыстым, айғайламауым үшін дәрі берді. Ол да менімен бірге ішті. Ол ішкізді", - деді ол. 

Волченко Гилмутдиновтың оған балалардан осындай жолмен құтылғысы келетін ниетін айтпағанын жеткізді. 

Сондай-ақ, Алматы ІІД тергеушісі Исабаевтан жауап алынды. Ол Волченкодан бірінші болып жауап алған. 

"Оның айтқандары ұйқаспады, бастапқыда балалардың өлтірілгенін тіпті білмегенін айтты. Сосын аудандық ІІБ-ге келгенде жауап алған күні білгенін айтты", - деді Исабаев. 

Келесі болып сотта Алматы ІІД Тергеу басқармасының аға тергеушісі Қажыбаевтан жауап алынды. Ол Гилмутдиновтан бірінші болып жауап алған. Оның айтуынша, сотталушы тұңғыш ұлын жақсы көргендіктен тірі қалдырған. 

"Жетісі күні мұндай өмірден шаршағанын және балалардан құтылғысы келетінін айтқан. Жұмыста қатты шаршағанын, балалардың жылай бергенін, ұйықтатпайтынын айтты. Жалдамалы пәтерден кетерде балалардан құтылғысы келетінін айтқан. (...) Бастапқыда әйелі білді. Оның үстіне, 4 күн бойында, 7-11 күндері аралығында балалардың мәйітін сөмке ішінде алып жүрген", - деді Қажыбаев. 

Сотта сотталушылар берген көрсетпелерін қайта-қайта өзгерткен. Алайда, тергеушінің айтуынша, үш реткі жауап алуда да айыпталушылар бастапқы жауаптарын айтқан. "Мен әйеліме Салават пен Ринатты өлтіретінімді айтқанмын. Ол шошып кетті және бұлай жасамауымды өтінді, ең болмағанда бір баланы тірі қалдыруымды сұрады", - деп оқыды судья Гилмутдиновтың көрсетпесін. 

Келесі процесте Түрксіб аудандық ІІБ басшысынан жауап алу жоспарланған, ал одан кейін іс материалдарын зерттеуге және сөзталас өткізуге көшеді.

Осыған дейін де үшінші баланың балалар үйіне берілуі мүмкін екені айтылған болатын. "Қазір баланың ешқандай құжаты жоқ. Ол №2 қалалық балалар ауруханасында жатыр. Кейінірек бала 4 жасқа толғанша балалар үйіне жібереміз. 4 жасқа толғанда балалар үйіне жіберіміз", - деген еді Алматы қалалық Білім басқармасының қамқорлық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Жанна Тахирова.

Еске салайық, екі баланың мәйіті Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 11 қыркүйекте табылған болатын. Осы күні олардың шешесі - 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта әйел ұсталды. Сонымен бірге онымен бірге тұрып келген 29 жастағы өзбек азаматы ұсталған. Ол, полицейлердің мәліметінше, өз кінәсін мойындап отыр.

Кейінірек Алматы полициясы да тоңазытқыштан табылған балалардың өлімі бойынша істің мән-жайын айтып берген болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети