Алматыда екі жаяу адамды қағып өлтірген BMW автомобилінде Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (бұрынғы "Күзет" РМК) қызметкерлері болған, - деп хабалайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Алматыда екі жаяу адамды қағып өлтірген BMW автомобилінде Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (бұрынғы "Күзет" РМК) қызметкерлері болған, - деп хабалайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
"Апатты жасаған Алматы қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері. Оны полицейлер оқиға орнында ұстап, бұлтартпау шарасы таңдалғанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамады. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның аясында сәйкес сараптамалар тағайындалады, куәгерлерден жол-көлік оқиғасы жайлы жауап алынады және апаттың басқа да мән-жайы анықталады", - деп хабарлады полициядағылар.
Еске салайық, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 14 сәуірде Алматыдағы Жангелдин көшесінің бойында болды. Daewoo Matiz жүргізушісінің айтуынша, ол Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта жүріп бара жатып, Сидоркин көшесіне қарай оңға бұрылғысы келген. Осы уақытта қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақпен BMW автомобилі үлкен жылдамдықпен келе жатқан. BMW көлігі Daewoo Matiz-ге соғысып, ол жол жиегінде тоқтап тұрған Subaru Legacy маркалы көлікке соқтығысқан. BMW осыдан кейн қозғалысын жалғастырып, үш жаяу адамды қаққан. Салдарынан екі адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, үшіншісі ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Куәгерлердің айтуынша, BMW көлігінде үш адам болған, олардың бірі жол апатынан кейін қашып кеткен де, екеуі ауруханаға түскен.