14 қаңтар 2022 17:32

Алматыда екі тонаушы ұсталып, бағалы заттар мен қару-жарақ тәркіленді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

polisia.kz polisia.kz

Алматыда екі тонаушы ұсталды. Олардан бағалы заттар мен қару-жарақ тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда екі тонаушы ұсталды. Олардан бағалы заттар мен қару-жарақ тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталғандар Өзбекстан тумасы болып шықты, олар Алматы облысындағы ауылдардың бірінде тұрады. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Комендатураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Райымбек даңғылы бойындағы "Технодом" және RedPark дүкендеріне жасалған шабуыл мен шеруге 26 жастағы Ж. есімді және 22 жастағы К. есімді екі азамат қатысқан. Олар Сәтбаев көшесі бойындағы алаңнан 12-калибрлі патроны бар мылтық пен шу гранатасын да алып кеткен.

 

Тұтқындау кезінде полиция қызметкерлері күдіктілерден тұрмыстық техника, киім-кешек пен Royal Petrol жанармай құю бекетінен ұрланған сусындарды тәркілеген. Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети