1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыда ер адам жеті жасар қызды буындырып өлтіріп, денесін құдыққа тастаған 10 шілде 2016, 09:14

Бұған дейін ол бірнеше қылмысы үшін сотталған екен.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматының Түрксіб ауданында жеті жасар қыз өлтірілген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

"7 шілдеде 22.00-де қыздың анасы 2009 жылғы баласының жоғалғанын хабарлады. 22.50-де полиция қызметкерлерінен құралған іздеу тобы қыздың денесін үй маңындағы құдықтан тапты", - деп хабарлады Әзірбек. 

Оның айтуынша, полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстапты. Бұған дейін ол бірнеше қылмысы үшін сотталған екен. "Өлімінің себебі - механикалық асфиксия, қызды буындырып өлтірген", - деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі. Қылмыстың мотиві анықталып жатыр.



Join Telegram