26 желтоқсан 2016 19:38

Алматыда ер адамды өлтіріп, денесін бөлшектеп кеткендер бұл қадамға не үшін барғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адамды өлтіріп дене мүшелерін бөлшектеген деп айыпталушыларға қатысты қалалық қылмыстық сотының мамандандырылған ауданаралық сотында сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылған. 


Алматыда ер адамды өлтіріп дене мүшелерін бөлшектеген деп айыпталушыларға қатысты қалалық қылмыстық сотының мамандандырылған ауданаралық сотында сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылған. 

Сотқа дейінгі тергеудің мәліметінше, 6 қыркүйекте айыпталушылар мен қаза тапқан жігіт бірлесіп Абылайхан даңғылындағы 28-ші үйдің 39-шы пәтерін жалдаған. Бірнеше уақыт өткеннен кейін олардың арасында жанжал шыққан. Сөйтсек, Азамат Қабденов, Таир Абельдинов және Роман Ситак арасындағы жанжал Play station 4 приставкасы үшін болған. Сол оқиғаға дейін айыпталушылардың бірі Ситактан приставканы жалға алып, қайтармаған. Ол қаза тапқан жігітке шамамен 80 мың теңге қарыз болған. Біраз уақыттан соң айыпталушылар Ситактың танысына басқа біреулерден ұрланған приставка мен Macbook сатып, 190 мың теңге алмақшы болған. 

Сотқа дейінгі тергеу қорытындысын мемлекеттік айыптаушы оқыды. 

"Қабденов пен Абельдинов бір жақтан Ситак бір жақ болып жанжалдасқан, бірін-бірі балағаттауға дейін барған. Айыптаушылар Ситакты өлтіруді ойластырады. Осыдан кейін Қабденов пен Абельдинов келісе отырып, адам өлтіруді ойластырады. Қабденов оң аяғымен Ситактың сол тізесінен соққы жасайды. Соққыдан Ситак құлап түседі, осы кезде қарсылық көрсетуіне қарамастан, Абельдинов бірнеше рет Ситактың ішінен тебеді. Екінші айыпталушы - Қабденов оң қолына асхана пышағын алып, Ситактың кеудесінен ұрған", - деді прокурор. Пышақ жарақатынан Ситак оқиға орнында қаза тапқан. 

Қаскөйлер осыдан кейін Ситактың өлі денесінен құтылмақшы болып, денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне лақтыруды ойластырады. Олар Ситактың телефонын, 30 мың теңгесін, алтын сақинасын, күміс алқасын және құжаттарын алып алады. Осыдан кейін олар қаладан такси жалдап, кетіп қалған. Бірнеше күн өткеннен кейін, олар Қызылорда облысында ұсталған.

Айта кетейік, кісі өлтіргендерін біреуі - Алматыдағы беделді университеттің студенті Азамат Қабденов мойындаған. Оның айтуынша, ойластырылмаған оқиға жанжал шығып, соңы қайғылы аяқталған. Оның айтуынша, Ситак бірінші болып қолына пышақ алған. Екінші айыпталушы қылмыстың іздерін жасыру үшін мәйітті бөлшектегенін мойындады.

Айыпталушылардың екеуі де бұрындары сотталмаған. Қаза тапқан жігіттің туыстары айыпталушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрайды. 

Сотқа дейінгі тергеудің мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылы 7 қыркүйекте сағат түнгі үштер шамасында Алматының Мәметова көшесінің бойында орналасқан аулалардың бірінде ер адамның дене мүшелері табылған болатын. Сол күні сағат 10.00-де Абылайхан көшесінің бойындағы үйлердің бірінде орналасқан пәтерден ер адамның қалған бөліктері табылған. Осы іске күдікті ретінде екі ер адам ұсталған, олар - Таир Абельдинов пен Азамат Қабденов. Күдіктілер - ШҚО және Павлодар қалаларының тумасы, 1993 және 1994 жылы туған азаматтар. Өз таныстарын өлтіруге араларындағы жағымсыз жағдай cебеп болған", - деді соттағылар. 

Алматы полицейлері 1991 жылы туған Роман Ситак есімді азаматты өлтірді деп танылған күдіктілерді Байқоңыр қаласынан ұстаған. 7 қыркүйекте Алматының Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін табылған болатын. Ауыр қылмыс жасаған соң олар Алматыдан қашып, мемлекеттік шекарадан өтіп кетпек болған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети