22 желтоқсан 2022 10:14

Алматыда есірткі сатушы ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының патрульдік полицейлері ірі көлемде есірткі сатушыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматының патрульдік полицейлері ірі көлемде есірткі сатушыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті сағат үш жарымда Алматы қаласының тұрғын алабында ұсталды. Буран-082 патрульдік экипажы Ақсай ықшамауданындағы тұрғын үйлердің ауласында ер адамды байқап қалған. Ол полиция қызметкерлерін көре сала, жасырынбақ болған.

"Патруль қызметкерлері күдікті адамды ұстады. Ол өзімен бірге есірткі бар екендігін мойындады. Әуезов аудандық ПБ-ның тергеу-жедел тобы ұсталған азаматты жеке тінту барысында ұнтақты заты бар 80 дана полиэтилен байламдарын тәркіледі. Ұсталған адамның өзі байламдарда "жылдамдық" синтетикалық есірткі заты екенін айтты. Сондай-ақ, ол қаланың әртүрлі нүктелеріне шөпті таратушы екенін түсіндірді. Қазіргі уақытта тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел бөлімшелер қалаға есірткінің жеткізілу арнасын және таралу географиясын белгілейтін болады", – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін ПД-да хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети