26 қаңтар 2021 17:56

Алматыда есірткі саудасына қатысы бар 247 сайт анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: vzsar.ru Көрнекі сурет: vzsar.ru

Алматы қаласының полицейлері жыл басынан бері есірткі саудасына қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы қаласының полицейлері жыл басынан бері есірткі саудасына қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары мен ғаламторды мониторинг жүргізу барысында есірткі және психотроптық заттарды таратуға қатысы бар 247 сайтты анықтады.

"Сонымен қатар, өткен жылы синтетикалық есірткі шығаратын бес зертхана анықталып, жойылды. Барлығы есірткіні тікелей байланыссыз сатумен айналысқан бес күдіктінің қатысуымен екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді. Тұтастай алғанда, есірткінің заңсыз айналымы саласында 400-ден аса адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды және ұзақ мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды", - деді  Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Айта кетейік, 2020 жылы заңсыз айналымнан 320 келі 527 грамм есірткі, оның ішінде 446 грамм 35 миллиграмм героин, 30 келі 996 грамм гашиш және 159 келі 701 грамм марихуана тәркіленген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети