Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Алматыда ХҚКО-ның 25 маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

04 Наурыз 2014, 21:27
0
©Yvision.kz
©Yvision.kz
Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталығының Бостандық аудандық филиалының 25 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бостандық аудандық прокуратурасы "Алматы қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК Бостандық аудандық филиалы бөлімінде 2013 жыл бойынша "Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдардың орындалуын тексерген.

"Тексеріс орталық қызметкерлері мен жетекшілерінің жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібін бірнеше рет бұзғанын, жеке және заңды тұлғаларға ақпарат ұсынудан негізсіз бас тарту деректеріне жол бергенін, сондай-ақ азаматтардан заңда қарастырылмаған ақпараттарды талап еткенін көрсетті. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қойылған нұсқау келтірілді", - делінген хабарламада.

Прокуратураның ұсынысы негізінде Алматы қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының директорының бұйрығымен аудандық филиалдың жетекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметі төмендетілді. Оған қоса, осы орталықтың тағы 24 қызметкері де тәртіптік жауапкершілікке тартылды.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай