31 қаңтар 2023 | 09:45

Алматыда жеңілдетілген автонесие алып беремін деп жұртты алдаған алаяқ әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда алаяқ тұрғындарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша автоорталықтан көлік алып беруге уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілттеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда алаяқ тұрғындарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша автоорталықтан көлік алып беруге уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілттеме жасап.

Бұл алаяқтық тізбегін 29 жастағы М. есімді ер адам ойлап тапқан.

"Күдікті бірнеше ай бойы аңғал азаматтарды алдап келген. Оларға автоорталықтан кезексіз, жедел түрде және жеңілдетілген несиеге жаңа көлік алуға көмектесуге уәде берген. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас төрт алдау дерегіне қатыстылығы дәлелденді. Төрт адам полицияға арызданды. Олар келтірілген материалдық шығынды үш миллион теңгеге бағалаған. Алаяқтық дерегіне сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Полицейлер алданған адамдардың бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан тәртіп сақшылары осы адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8-707-447-07-50 және 8-747-699-70-02.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 495.09   526.18   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети