25 сәуір 2021 11:49

Алматыда жиырмадан аса полиция көлігі мас жүргізушіні қуған сәттің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Алматыда полицейлер тәртіп бұзушыны қуған сәт куәгерлер видеосына түсіп қалды. Полиция мәліметі бойынша, көлік жүргізушісі мас күйде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда полицейлер тәртіп бұзушыны қуған сәт куәгерлер видеосына түсіп қалды. Полиция мәліметі бойынша, көлік жүргізушісі мас күйде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға болған жерде түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris.p.online-парақшасында жарияланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Instagram-парақшасының мәліметі бойынша, есірткіге мас жүргізушіні ұстауға жиырмадан аса полиция көлігі қатысқан.

Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, 25 сәуірде таңертең әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесі қиылысында асыққан жылдамдықпен келе жатқан "Мерседес" маркалы автокөлігі байқалған, жүргізуші қауіпті маневр жасап, жолда авариялық жағдай тудырған. Ол полицейлер талабына жауап бермей, жасырынуға тырысқан.

"Көлік Райымбек даңғылының солтүстігіндегі Тілендиев көшесінде ұсталды. Көлік тізгінінде 1992 жылғы ер адам болған, ол 2020 жылдың қыркүйегінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін бір жарым жылға көлік басқару құқығынан айырылған", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство мәліметі бойынша, ұсталған тәртіп бұзушы тексеруден өткен. Сол жолы дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтаған.

"Полиция ҚР ҚК-нің 346-бабы "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция майоры Олжас Шәріпов.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Манап Саттаров ұсталушыға қатысты жасырынуға әрекет жасаған заңбұзушылықтар: полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін, бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін, авариялық жағдай тудырғаны үшін, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін және тағы басқа себеп бойынша бірден 15 әкімшілік хаттама толтырылғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети