Алматыда жүргізушіні аяусыз ұрып-соққандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Алматыда жүргізушіні аяусыз ұрып-соққандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, бұл қылмыс туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды, себебі бұл дерек бойынша "102" пультіне хабар түспеген және полицияға ешкім арыз жазып келмеген.
"Қақтығысқа қатысқандардың аты-жөндері дереу анықталды, сөйтсек, екі жүргізуші сөзге келіп қалған, олар жолға таласқан. Зардап шеккен ер адам енді ғана арыз түсірді. Бұған дейін қажетті жедел шаралар кешені жүргізіліп қойды, күдіктілер ұсталды. Осы дерек бойынша өндіріс жалғасып жатыр", - деп хабарлады Жетісу аудандық ІІБ басшысы Рамиль Түсіпов.
Алматының Жетісу аудандық полициясы ер адамды ұрып-соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Дерек Сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді.
Ескерту! Зорлық әрекеттер бар!
Еске салайық, Instagram қолданушысы Дамир Әбдірайымов өз парақшасында төрт жігіттің екі ер адамды басынан, денесінен ұрып-соғып жатқаны бейнеленген видеоны жария етті. Зардап шеккендердің бірі, видеоға қарағанда, ес-түссіз жатыр. Екіншісін болса бұзақылар аяқпен тебе бастайды, ал осы сәтте ол еңбектеп қашпақшы болады. Ролик авторының айтуынша, ол ойда жоқта бұл оқиғаның куәгері болыпты. "Жігіттерге осы видео көмегін тигізер! Көлік номері бар!", - деп жазды Әбдрайымов.
Сонымен қатар, ол оқиғаның Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында болғанын айтты. Айтуынша, зардап шеккен жігіттер бұл оқиғаға көлігімен жолын кесіп кеткеннен кейін тап болған. Әбдірайымов өз басын қатерге тікпеу үшін оларды ажыратпаған.