10 қаңтар 2016 13:16

Алматыда жүргізушіні аяусыз ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Видео кадры / instagram.com/abdraimov_damir © Видео кадры / instagram.com/abdraimov_damir

Алматыда жүргізушіні аяусыз ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жүргізушіні аяусыз ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram қолданушысы Дамир Әбдірайымов өз парақшасында төрт жігіттің екі ер адамды басынан, денесінен ұрып-соғып жатқаны бейнеленген видеоны жария етті. Зардап шеккендердің бірі, видеоға қарағанда, ес-түссіз жатыр. Екіншісін болса бұзақылар аяқпен тебе бастайды, ал осы сәтте ол еңбектеп қашпақшы болады. Ролик авторының айтуынша, ол ойда жоқта бұл оқиғаның куәгері болыпты. "Жігіттерге осы видео көмегін тигізер! Көлік номері бар!", - деп жазды Әбдрайымов.

Ескерту! Роликте зорлық әрекеттер бар!


Автор: instagram.com/abdraimov_damir

Сонымен қатар, ол оқиғаның Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында болғанын айтты. Айтуынша, зардап шеккен жігіттер бұл оқиғаға көлігімен жолын кесіп кеткеннен кейін тап болған. Әбдірайымов өз басын қатерге тікпеу үшін оларды ажыратпаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети