18 ақпан 2019 10:56

Алматыда "кәсіпті дамытуға көмектесемін" деп алдаумен айналысқан ер адам ұсталды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы қаласының полиция департаметінің баспасөз қызметі Фото: Алматы қаласының полиция департаметінің баспасөз қызметі

Алматы полициясы 35 жастағы ер адамды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Алматы полициясы 35 жастағы ер адамды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Алматы облысының тұрғыны қомақты сомада алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр. Оның үстінен арыз түскен. Полиция қызметкерлері арызданушылардың саны көбеюі мүмкін екенін айтып отыр.

"Біздің қызметкерлер үйлесімді жұмыстарының арқасында қысқа уақытта күдіктіні анықтап, оны ұстады. Күдікті бірлесіп кәсіп жасаймыз деп адамдарды алдап, алаяқтық арқылы олардың ақшаларын жымқырған. Бірақ ол ешқандай кәсіпкер болмай шықты. Адамдардың ақшаларын жинап, оларды өз пайдасына жаратқан" - деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы, подполковник Болат Тотыбаев.

Осы ұсталаған ер адамның алаяқтығынан зардап шеккендерді полиция қызметкерлері мына нөмірге хабарласуын сұрайды: 254-48-72 немесе 524-48-71. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети