05 қараша 2022 14:22

Алматыда көлік ұрлаған екі ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік ұрлаған екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматыда көлік ұрлаған екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оларды Наурызбай ауданының полицейлері мен қаланың криминалдық полиция қызметкерлері ұстады.

Алматы облысының екі тұрғыны төрт көлік ұрлаған.

"Олар негізінен ВАЗ көліктерін ұрлаған. Қылмысты жаңа тұрғын үйдің бірінің жанында жасаған: олар көліктің дабылының жоғын тексерді, құлыпты ашты, кейін көліктерді фазендаға апарған. 3 көлік айғақты зат ретінде тәркіленді және іс материалдарына қосылды. Күдіктілер бір көлікті сатып үлгерді. Ұсталғандардың екеуі де бұрын тонау және қарақшылық жасағаны үшін сотты болған. Олар бұл қылмысты жасағандарын мойындады", - деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Данияр Меңдебаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети