29 қараша 2022 12:10

Алматыда көлік ұрылары ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Алматы полициясы көлік ұрыларын әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы полициясы көлік ұрыларын әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының 34 жастағы тұрғыны мен оның Ресей Федерациясынан келген 33 жастағы серігі кем дегенде көліктерді ұрлаудың екі дерегіне қатысты екені айтылды. Көлік ұрыларын әшкерелеу және ұстау іс-шарасын Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері Наурызбай аудандық ПБ мен Алатау аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп жүргізген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. 34 жастағы Д. есімді ер адам - негізгі айыпталушы. Ол көліктердің есігін ашып, рөлге отырған. 33 жылғы И. есімді ер адам көлік ұрлауға көмектескен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскөйлердің қаланың Алатау және Наурызбай аудандарында екі Toyota Highlander көлігін ұрлап кеткені анықталды. Бұл көлік табылды және тәркіленді, заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді, - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сонымен қатар, ұрланған көліктердің бірін тексеру барысында арнайы тоғы бар бағдарлама құралы және ұсталған адамның суреті бар жалған көлік жүргізуші куәлігі, басқа да жеке деректері табылып, тәркіленген.

Қазір полиция қызметкерлері ұсталғандардың қалада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеу барысында күдіктілер қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети