07 қыркүйек 2020 11:16

Алматыда көпқабатты үйдің төбесінде дискотека ұйымдастырғандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Есен Искаков/facebook.com Фото: Есен Искаков/facebook.com

Алматылық әйел көпқабатты үйдің төбесінде дискотека ұйымдастырғандарға шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық әйел көпқабатты үйдің төбесінде дискотека ұйымдастырғандарға шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылдың 4 қыркүйегінде түнгі сағат 23.15 шамасында мен сіздің атыңызға арыз жаздым. Байзақов көшесі, 170 мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің шатырында әр аптаның жұма және сенбі күндері дискотека ұйымдастырылады. Музыканың даусы бүкіл ауданға естіледі. Сізден осы мәселеге қатысты шара қолдануыңызды сұраймын, - деп жазды тұрғын Алмалы аудандық полиция бөлімінің басшысы Есен Ысқақовқа Facebook-тегі парақшасында.

Полиция қызметкерлері бұл шағымды ескеріп, тәртіп бұзушыларды анықтады.

"Сізден түскен шағым бойынша Алмалы аудандық полиция департаментінің қызметкерлері шұғыл шаралар қабылдады. Олар Байзақов көшесі, 170 мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің шатырын тексерді. Күдіктілерге ҚР Әкімшілік бұзушылық кодекстің 434-бабы 2-тармағы ("Қоғамдық орындардың ластануы") және 440-бап бойынша ("Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда болу") хаттама толтырылды", - деді бөлім басшысы Есен Ысқақов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети