04 мамыр 2021 13:46

Алматыда қымбат көліктерді ұрлағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: zarulim.com.ua Фото: zarulim.com.ua

Алматыда қымбат жол талғамайтын көліктерді ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматыда қымбат жол талғамайтын көліктерді ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуірде қала тұрғындарынан көлігін ұрлағаны туралы полицияға екі арыз түскен. Көліктерді ұрлау әр уақытта және қаланың әр жерінде болған. Ұрланған көліктер маркасы мен моделі бірдей. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қала маңынан бұрын ұрланған көліктерді тапқан.

"27-ден 33 жасқа дейінгі үш күдікті арнайы құрылғы көмегімен басқа адамдардың көліктерін оталдырған. Олар қалада тек "Тойота" көлігінің "Land Cruiser 200" модельдерін ұрлаған. Олар терезені сындыру арқылы көлікке кіріп, қозғалтқышты қосымша құрылғының көмегімен іске қосады. Ол дабыл қызметін тоқтатып, оталдырады. Автокөліктердің барлығын "қара базарда" сату мақсатында ұрланған. Олар бір жол талғамайтын көлікті, нөмірін алмай-ақ, өзінің бастапқы түрінде сатып үлгерген. Көлікті сатыпалушы да анықталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 196-бабы ("Біле тұра қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу немесе сату") бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ұрланған жол талғамайтын көліктер иелеріне бүтін күйінде қайтарылды. Ұсталған үш адамның екеуі бұрын сотталған. ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлімі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети