16 қыркүйек 2022 15:57

Алматыда марқұмның 1 миллиард теңгесін ұрламақ болғандар сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Екі алаяқ марқұм болған алматылықтың банк шотынан бір миллиард теңге ұрламақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.


Екі алаяқ марқұм болған алматылықтың банк шотынан бір миллиард теңге ұрламақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ер адам мен әйел марқұм алматылық тұрғынның қарызы бар деп сотқа арызданған. Олар жалған құжат жасап, сотта жеңіске жеткен. Осыдан кейін жеке сот орындаушысы сот шешімі негізінде өз есепшотына марқұмның банк шотында сақталған 1 миллиард теңгені аударған. Қаражат кейіннен өндіріп алушыларға аударылуы тиіс болған.

"Алайда марқұмның әйелі дер кезінде алаяқтардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесті. Ол құқық қорғау органдарына жүгінген, сол арқылы кінәлілер қылмыстық әрекеттерін аяқтай алмады. Соталды тергеп-тексеру барысында және сотта марқұмның іс жүзінде ешкімнің алдында ешқандай қарыз міндеттемесі болмағаны анықталды", - деді прокурорлар.

Сот алаяқтарды түрлі мерзімге соттады. Апелляциялық сот заңды күшіне енген үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети