07 тамыз 2017 08:37

Алматыда мектеп түлегі із-түссіз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назерке Әріп Назерке Әріп

Алматыда 18 жастағы мектеп түлегі Назерке Әріп із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 18 жастағы мектеп түлегі Назерке Әріп із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қыз медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған. Оның жақын құрбысы Томирис Аманжолдың айтуынша, талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назаркенің өзі Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады. 

"Сол күні ол үйінен 16.00-де кетіп, оралмады. Соңғы рет оны "Достық Плаза" сауда және сауық орталығының маңында көргендер бар. Ол ағылшын тілінен курсқа баруы керек еді. Келесі күні оның телефоны қайда екені анықталды. Соңғы геолокациясы Жангелдин мен Құлжа тасжолының аралығын көрсетті. Ол бір қызбен кафеде отырған. Администраторы сол жерде отырып, жылағанын айтты. Кафеден шыққаннан кейін оны ешкім көрмеген", - деді құрбысы. 


Назерке Әріп

Оның айтуынша, Назерке Әріп биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети