09 желтоқсан 2019 11:48

Алматыда мүгедек қыз зорланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook/Dina Tansari © facebook/Dina Tansari

Алматылық үшінші топтағы мүгедек қыз зорлық құрбаны болды. Бұл туралы Facebook желісіндегі "НеМолчи.kz" қозғалысының мүшелері жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматылық үшінші топтағы мүгедек қыз зорлық құрбаны болды. Бұл туралы Facebook желісіндегі "НеМолчи.kz" қозғалысының мүшелері жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"НеМолчи.kz" тобының мәліметінше, зорлау оқиғасы 29 қарашада болған. 53 жастағы күдікті жәбірленушінің көршісі. Ол өз құрбанына есірткі пайдалануға мәжбүрлеген деген ақпарат та бар. 

"Ол нәзік қызды өз гаражына сүйреп, бес сағат бойы қинаған. Азаптау кезінде, ол оны ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытқан. Сондай-ақ, ол өз телефонынан бұрындары осылайша азаптап, өлтірген қыздардың суретін көрсеткен. Бірнеше рет өз дегенін жасамаған жағдайда шұңқырға көміп тастайтынын айтқан", - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада. 

Қыз бала зорлықшыдан қашып үлгерген. Ол үйіне қашып, ата-анасына болған жайтты айтқан. Осы оқиғаға қатысты Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді. 

"Осы дерекке қатысты 30 қарашада Медеу аудандық ПБ-нің полиция бөліміне арыз түскен. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі ("Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау") бойынша тіркеуге алынған. Күдікті бірден анықталып, ұсталған", - делінген ПД хабарламасында. 

ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері, осы істі ішкі істер министрі бақылауға алғанын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети