25 сәуір 2021 09:14

Алматыда оқ атқан ер адамның азаматтығы туралы деректер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Telegram/Qumash/видеодан алынған Фото: Telegram/Qumash/видеодан алынған

Алматы полициясы "Бұхар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде атыс шығарған ер адамның азаматтығын атады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы полициясы "Бұхар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде атыс шығарған ер адамның азаматтығын атады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметі бойынша, күзетшіні атып, кейін 6 сағаттан аса уақыт бойы пәтерінде жасырынып отырған 1963 жылы туған ер адам Ресей азаматы болған.

"Оқ-дәрілері бар қарудың күдіктіге тиістілігі тергеу барысында анықталады", - деді полиция өкілі.

Айта кетейік, 24 сәуірде күндіз Бұқар жырау бульварындағы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде ер адам (сол пәтерде тұруы мүмкін) мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқаны хабарланған еді. Желіде оқиғаның видеосы жарияланған болатын. Артынша оқ атқан ер адам терезені сындырып, секіріп кетті.

Арнайы операция аяқталғанға дейін ҚР ҚК-ның 293-бабы "Бұзақылық" бойынша іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети