Алматыда өлтіріліп, тоңазытқышқа салынған егіз баланың анасы Алла Волченко сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Алматыда өлтіріліп, тоңазытқышқа салынған егіз баланың анасы Алла Волченко сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Айта кетейік, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі баланы өлтіріп, тоңазытқышқа салғандарға қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Процесте судья Ерлан Болатов төрағалық етуде.
Сотталушы ретінде қаза тапқан балалардың ата-анасы отыр, олар Өзбекстанның 29 жастағы азаматы Эмиль Гильмутдинов пен 34 жастағы қазақстандық Алла Волченко.
Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 1, 3 және 7-пункттері ("Адам өлтіру") және 119-бабы ("Қауiптi жағдайда қалдыру") бойынша айыпталып отыр.
"Құрметті сот, мені ата-ана құқығынан айырмауыңызды сұраймын. Тұңғышым Равиль менің жалғызым. Екі ұлымнан айырылдым, бұл мен үшін орны толмас қаза. Бұл ауыртпалықты мен ғана сеземін, ешкімнің басына мұндайды тілемеймін. Ауыр дерт, мен балаларымды жақсы көремін, олар менің бар байлығым келді. Арманым да осы балалар болатын, жұмыстан үйге асығатынмын, олардың күлкісін көргім келеді. Балаларым - байлығым еді, қиындықтарға мойымайтынмын. Әлі күнге өз-өзіме келе алар емеспін, бір сәтте екі періштемнен айырылдым. Олар әрқашан менің жанымда болады. Эмильдің пиғылын біле тұра қалай оны тоқтатпайын? Менің бар кінәм дер кезінде дабыл қақпауым, сол үшін бәрінен кешірім сұраймын. Равиль - өмірімнің мәні, одан жақын адамым жоқ. Мен ештеңе білмедім. Өлтіргені жайлы білген уақытта бұрынғы күйеуімді полициядан көмек сұрауға көндіріп жатқан едім", - деді Волченко.
Еске салайық, мұның алдында мемлекеттік айыптаушы Расул Есдәулетов егіз баланы өлтірген өзбекстандық Эмиль Гильмутдиновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Мұның алдында өлтірілген балалардың шешесі тұңғыш ұлының оны жақсы көретінін айқан болатын.
"Сіздерден кәмелетке толмаған ұлым Равиль Гильмутдиновтің менен қорқатынын немесе қорықпайтынын анықтау үшін психологиялық сараптама тағайындауды сұраймын. Мен туралы мінездемені іске қоссаңыздар деймін. Әрмен қарай мені ата-ана құқығынан айыруға қарсы өтініш жазғым келеді және мен тұңғышымды да, өлтірілген қалған балаларымды да жақсы көрдім", - деді Алла Волченко сот залында.
Судья өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, іс материалын зерттеуге көшті.
Мұның алдында Волченко сотта балаларын үш күн іздегенін мәлімдеген болатын.
Еске салайық, екі баланың мәйіті Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 11 қыркүйекте табылған болатын. Осы күні олардың шешесі - 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта әйел ұсталды. Сонымен бірге онымен бірге тұрып келген 29 жастағы өзбек азаматы ұсталған. Ол, полицейлердің мәліметінше, өз кінәсін мойындап отыр.
Кейінірек Алматы полициясы да тоңазытқыштан табылған балалардың өлімі бойынша істің мән-жайын айтып берген болатын.