19 наурыз 2019 10:03

Алматыда орталық қалалық аурухананың бас дәрігері қамауға алынды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/almaty.cgkb © facebook.com/almaty.cgkb

Алматыда орталық қалалық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Тұрдалинге жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылып, қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұрлан Тұрдалин тергеу кезіне екі айға қамауға алынды. Оған "айтарлықтай мөлшерде пара алды" деген айып тағылды. 

"Қамауда ұстау мерзімі 2019 жылдың 13 наурызынан бастап есептеледі. Ол ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді", - деп хабарлады сот өкілдері. 

Мұндай қылмыс жасаған адам белгілі бір лауазымда отыру немесе қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, алған парасын 50-60 еселеп айыппұл ретінде қайтарады немесе үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады, мүлкі тәркіленеді. Істің мән-жайы әзірге айтылмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети