19 желтоқсан 2018 13:20

Алматыда пара алды деген күдікке ілінген үш полицейдің соты өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда пара алды деген күдікке ілінген үш полицейдің соты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда пара алды деген күдікке ілінген үш полицейдің соты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр. 

Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полкінің командирі Мұрат Байғазинов және ПД ЖПҚ ЖПП полк командирлері Жәнібек Мұханғалиев пен Думан Базарбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі 3-тармағы ("Пара алу") және 361-бабы 4-бөлігі ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") бойынша айып тағылған. 

2018 жылы 17 сәуірде Алматы ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы және Алматы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесе отырып, Байғазиновты ұстады. ҚР ІІМ мәліметінше, ол қылмыс үстінде ұсталған. Байғазиновқа автокөліктің еш кедергісіз қозғалуы үшін 200 доллар алды деген айып тағылды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети